Жамбыл облысындағы шекарадан жанармайды заңсыз өткізудің 159 дерегі анықталды

Фото: Фото: ҚР ҰҚК

ТАРАЗ. KAZINFORM - Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті мемлекеттік шекарада жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 159 фактісінің жолын кесті.

«Мұнай өнімдері қосымша орнатылған жанармай цистерналарын, қайта жабдықталған газ баллондарын және әртүрлі шаруашылық ыдыстарын пайдалана отырып автокөлікпен тасымалданған.

Ағымдағы жылдың басынан бері осы учаскеде ЖЖМ-ды тасымалдаудың 1 205 жағдайының алдын алынды», — деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметінен.

Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін құзыретті органдарға берілген.

Еске салайық, бұған дейін шекарада өзге елдің азаматтығы бар жеті қазақстандық ұсталғанын жазғанбыз.