Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің мал ұрлығы бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш ер адам анықталып, ұсталды. Олардың бірі қораның орналасуын және малды бағу тәртібін жақсы білетін, шаруа қожалықта бұрын қойшы болып жұмыс істеген.
Тергеу барысында ұрланған малдың бір бөлігі табылып, заңды иесіне қайтарылды.
— Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Жалпы, Жамбыл облысында жыл басынан бері мал ұрлығы бойынша 18 қылмыс ашылып, 32 азамат ұсталды. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің жедел жұмысының нәтижесінде мал ұрлаумен айналысқан 10 адамдар тобының әрекетіне тосқауыл қойылды.
Полиция азаматтарды малдарының қоражайларына тиісті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, жауапкершілікпен қарауға және құқық бұзушылық деректері туралы дер кезінде полицияға хабарлауға шақырады.
Бұған дейін СҚО-да сатып алушының қырағылығы мал ұрлығын жедел ашуға көмектескенін жаздық.