Жамбыл облысында 38 заңсыз еңбек мигранты ұсталды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 38 заңсыз еңбек мигранты ұсталдығ деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заңсыз көші-қонарналарын, сондай-ақ заңсыз көші-қонға байланысты өзге де құқыққа қарсыәрекеттерді анықтау және жолын кесу мақсатында Жамбыл облысының аумағында«Нелегал-Жаз» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның екіншікезеңі аясында Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылында полицияқызметкерлері Өзбекстан Республикасының 31 азаматын ұстады. Ұсталғандардың барлығыжергілікті кірпіш зауытында рұқсат құжатынсыз заңсыз еңбек еткен. Бұл туралыоблыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі таңдаӨзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралыкодекстің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, шешімқабылдау үшін Т. Рысқұлов ауданының сотына жіберілді. Шетел азаматтарынрұқсатсыз еңбек қызметіне заңсыз тартқаны үшін жұмыс беруші де ҚР ӘҚБтК-нің519-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінгенхабарламада.

Сондай-ақ, 17 шілдедеБайзақ ауданының Бурыл ауылындағы дүкендердің бірінде тәртіпт сақшылары Қазақстанда заңсыз жүрген және нанөнімдерін пісірумен айналысқан Өзбекстан Республикасының жеті азаматынанықтады.

«Ұсталған еңбекмигранттарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілікматериал хаттама толтырылды, ал шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бұзғаныүшін нан пісіретін цехтың иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілікжаза тағайындалды. Барлық істер Байзақ ауданының әкімшілік сотына жолданды», - дейдіоблыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Жамбыл облысыныңПолиция департаменті шетел азаматтарын көші-қон тәртібін бұзбауға және тиістіқұжаттарды уақтылы ресімдеуге шақырады.

Соңғы жаңалықтар