Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында одан өзіндік иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған полиэтиленды жылтыр орама табылып, тәркіленіп алынған.
Сараптама қорытындысы бойынша оның жалпы салмағы 22 келіні құрайтын «кептірілмеген марихуана» есірткі заты екендігі анықталды. Күдіктінің айтуы бойынша ол есірткі заттарын жеке қолдану мақсатында жинаған.
Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 296 бабының 4 тармағы бойынша тіркелді.
Күдікті Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетсек, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері 1 609 келі есірткі заттарын, соның ішінде 2,5 келі героин тәркіледі. Сондай-ақ, есірткі заттарының контрабандасына қатысты 5 факті, аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарын қолдануға қатысты 61 факті анықталды.
Жалпы, есірткі құқық бұзушылықтарына қатысты 286 факт тіркелді.