Талас ауданының полиция бөліміне Үшарал ауылы маңындағы жайылымнан 25 жастағы қойшының бір отар малымен бірге жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полицейлер шопанның таңғы сағат 6.00-де бір отар қойды жайылымға шығарып, белгіленген уақытта қайтып оралмағанын анықтады.
«Полиция қызметкерлері 6 автокөлікпен шопанды іздеуге шұғыл аттанып, жайылымнан 45 шақырым жерде оны бір отар қойымен бірге тапты.
Қойшы кенеттен жауған қалың қар мен тұманның салдарынан адасқанын айтты»,- делінген хабарламада.