Жамбыл облысында 7 айдың ішінде 431 мас жүргізуші ұсталған

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының ПД бастығы Жанат Сүлейменовтің басшылығымен жол-көлік оқиғалары және оның салдарын болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жедел кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша өңірде бойынша жол-көлік оқиғаларының саны артқан, алайда полиция қызметкерлері жол жағдайын тұрақтандыру бойынша тұрақты негізде профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Статистикалық талдау нәтижелері жол-көлік оқиғаларының 98 пайызы (576-ның 570-і) жүргізушілердің кінәсінен орын алғанын көрсетеді. Олардың негізгі себептері-жылдамдық режимін арттыру және көлік жүргізу барысында ұйықтап кету. Сондай-ақ, сыртқы факторлар, мәселен, жол кептелісі, тәуліктің қараңғы мезгілі, қолайсыз ауа-райы және басқа да факторлар әсер етеді. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық көлік жолдарында жүргізілген хронометражға сәйкес, бір тәулік ішінде Жамбыл облысының аумағы арқылы 8 мыңнан астам көлік өтеді. Оның ішінде 7 мыңға жуық жеңіл автокөлік және басқа ауыр жүк көліктері бар.

Ағымдағы кезеңде патрульдік қызмет инспекторларымен 123 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзушылық дерегі анықталды, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 57,7 пайызға артық. Сондай-ақ 431 жүргізуші мас күйінде ұсталды, 199 азамат сот шешімдері бойынша жүргізуші куәлігінен айырылды. Жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға 1 млрд 37 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Апаттылық жағдайын төмендету үшін тұрақты түрде жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізіледі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» акционерлік қоғамымен бірлесіп, республикалық көлік жолдарының авариялық-қауіпті учаскелерінде шу жолақтарын қосымша түсіру, жол белгілерін, ақпараттық таблоларды (ауа-райының нашарлауы, көктайғақ, ең жоғары жылдамдықты шектеу-50 км/сағ)орнату және көлік құралдарының жылдамдығын өлшеу бойынша «Автоурагандарды» қоюға қатысты жұмыстар жалғасуда.

Кеңес барысында жол басқармалары мен қызмет басшыларының апаттылықты азайту жөніндегі есептері тыңдалды. Сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. З. Тұрғымбаевтың тарапынан қойылған осы бағыттағы міндеттерді орындау мақсатында бірқатар тапсырмалар берілді.


Соңғы жаңалықтар