«17 сәуір күні Жамбыл облыстық ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасы жүргізген ірі операция барысында героин таратудың ірі арнасы жойылды. 6 адам оның ішінде 2 ерлік-зайыпты есірткі диллерлері ұсталды», - деді департамент басшысы.
Оның айтуынша, операция барысында ведомстволық арнай жасақ бір уақытта әртүрлі 4 мекенжайды тінтіген.
«Ол мекенжайлардың әрқайсысынан есірткі заттары мен қылмыстық жолмен табылған ірі мөлшерде ақша табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы көлемі 6 келіні құрайды», - деді Алмас Садубаев.