«Аухатты» автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан аумағына жүктер арасында жасырылған 5500 дана «Oris» және «BOND» маркалы темекілерін заңсыз алып өту әрекетінің жолы кесілді. Тауар құны шамамен 2 800 000 теңгені құрайды. Тәркіленген темекі өнімдері Мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылды», - делінген хабарламада.
12:00, 01 Наурыз 2023
Жамбыл облысында құны 3 млн теңге жуық темекі контрабандасының жолы кесілді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының «Аухатты» өткізу пунктінде темекі контрабандасының жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК сілтеме жасап.