Жамбыл облысында тасжолда жүк көлігі «ГАЗелді» соқты, қаза тапқандар бар

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында адам мерт болған тасжолдағы жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«15 тамыздаБатыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолында жол-көлік оқиғасы болды. Алматыға беталған жүк көлігі жолдың жиегінде тұрған «ГАЗель» көлігінің артынан соққан.Соқтығысу салдарынан көлік жолдың жиегінде аударылып кеткен. 3 адам қаза тауып,біреуі ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы болған жерде тергеужұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы кейінірек хабарланады», - деді құқыққорғау ведомствосының баспасөз қызметінен.

Айта кеткенжөн, кеше Жамбыл облыстық полиция департаментінде Жамбыл облысы жолдарындаадамдар мерт болған жол апаттарының айтарлықтай өскені және өңірдегі жолқауіпсіздік ережелері мәселелері талқыланды. Талқылауға ҚР ІІМ Әкімшілікполиция комитеті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жанат Әбдірахманов, Жамбыл облыстық полициядепартаментінің басшылығы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, БАҚ өкілдері қатысты.

Жамбылоблысының тасжолдарында жыл басынан бері 687 жол-көлік оқиғасы болған. Соныңішінде 90 адам қаза тауып, 1138 адам жарақат алған.