Жамбыл облысындағы аудандарда полицияның фронт кеңселері ашылуда

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Меркі және Жуалы аудандарында полиция бөлімдерінде фронт кеңселер ашылды. Бұл полицияның сервистік жұмыс моделіне көшуі бойынша кезекті қадам болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Меркідегі «Азаматтарды қабылдау бөлмесі» фронт кеңсесі жергілікті полиция бөлімінің ғимаратында орналасқан. Келушілерді қабылдауға арналған кең залда кресло және үстел қойылған, онда адамдарды Бірыңғай тіркеу бөлімі мемлекеттік автоинспекторы мен Әкімшілік полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының аға инспекторлары қабылдайды. Өтініш берушіге барлық қажетті құжаттарлдың ресімдейтін кеңсенің арнайы терезесі бар.

«Бұл облыстың аудандарында ашылған алғашқы фронт-кеңсе. Ал, Тараз қаласында былтыр ашылған кеңсе өзінің тиімділігін дәлелдеді. Онда бұған дейін 1,3 мыңнан астам адам өтінішпен келді. Алдағы айларда осындай фронт-офистер әрбір ауданның полиция бөлімінде жұмыс істейді», - деді облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев.

Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев мұндай кеңселер халықпен өзара іс-қимылының жаңа, ашық нысаны екендігін және сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтінін ететінін атап өтті.

Айта кетейік, жаңа фронт-кеңседе қабылдау бөлмесінің қызметкерлері өтініш берушімен тікелей жұмыс істейді. Бұл өтінішті қарау уақытын азайтуға мүмкіндік береді және мәселелерді шешуде қол жетімділікті, ашықтықты қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар