ТРК «Бір суреттің тарихы» атауымен екі фото жариялап отыр. 1938 жылдың қаңтарында түсірілген оның бірінде орындықта отырған Ж.Жабаевтың айналасына бір топ адам жиналған. Қолында гүлшоқтары бар.
Ақынның Мәскеуге екінші сапары 1939 жылдың сәуірінде өткен. Онда да Ж.Жабаев бірнеше адамның арасында түскен.
«Жамбыл Жабаев өзінің бар ғұмырын адамның ең биік адами қасиеттерін дәріптеді – патриотизм, іске адалдық және әділеттілік», - деп жазады ҚР Президентінің Телерадиокешені.