Жамбылда 8 адам қарулы қақтығыс ұйымдастырған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбылдық полицейлер қарулы қақтығысқа қатысқан 8 адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға Жамбыл ауданында 30-43 жас аралығындағы бір топ адам жергілікті жанармай құю бекеті аумағында өзара келіспеушіліктерін анықтамақшы болған. Ақпарат бойынша оқиға орнына жедел түрде Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері келді.


Жанар-жағармай бекеттерінің аумағы қоршалып, қақтығыс тараптары ұсталынып, тінту жұмыстары жүргізілді. Қабылданған шаралар нәтижесінде ұсталғандардан аңшылық қаруы тәркіленді. Тергеу барысында оқиғаға қатысты 8 адам ұсталды.

Фото: polisia.kz