Жамбылда ауыл молдасы көршісін пышақтап өлтіріп, өзі асылып қалған

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Жамбыл ауданында ауыл молдасы өзінің көршісін пышақтап, артынан өзі де асылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанды оқиға аталған ауданға қарасты Бесағаш ауылындаболған. Марқұм болған 51 жастағы молда Мұса Сүлейменоваталған ауылда 15 жылдан бері мешіт имамы болып келген. Ресми мәліметкесүйенсек, ол көршісі Қанат Дөненбаевқа ас үй пышағымен жарақатсалған.

Қорада орын алған қақтығыс тұрмыстық кикілжіңненбасталған деседі. Қ.Дөненбаев ауыр жарақаттан сол жерде қаза тапса, сол күніМ.Сүлейменов өз-өзіне қол жұмсаған. Ол ауылдағы№ 8 үйдің жанында ағашқа асылып тұрған күйінде табылған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен хабарлады.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігімен және өз-өзіне қол жұмсауына қатысты 105-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», - деді Жамбыл аудандық полиция бөлімібастығының орынбасары Дәулетжан Бектенбаев.

Ал, облыс әкімдігінің Дін істері басқармасы,облыстың бас имамы да бұл оқиғаның тұрмыстық мәселеден туған жанжал екенін растап отыр.

Соңғы жаңалықтар