«Бағдарламаның басты мақсаты - цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл, басқаша айтқанда, интернет-алаяқтыққа қарсы күрес. «CyberPol» тобының құрамына тергеушілер, жедел уәкілдер және криминалист-мамандар кіреді. Арнайы бөліністің жұмысы екі негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және әрбір қылмыстық іс шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларының толықтығын қамтамасыз ету. Биыл өңірдегі киберполиция қызметкерлері 28 кәсіби алаяқты ұстады. Олардың 16-сы басқа облыстардың тұрғындары», - деп тоқталды онлайн-брифингі барысында ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Ведомство мәліметінше, биыл 6 айда Жамбыл облысының аумағында интернет алаяқтықтың 90 дерегі тіркелген. Бұл былтыр сәйкес кезеңде анықталған қылмыстарға қарғанда 40,8%-ға аз.
Осыған дейін елімізде бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалғаны хабарланды.