«Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы барасында ұзақ уақыт облыс аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтары, сондай-ақ жол жүру билетін сатып алуда қаржылық қиындыққа тап болған шетел азаматтары анықталды.
«Екі күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 20 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, облыс аумағында шетелдіктерді қабылдауда Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 45 ел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарламасында.