Жамбылда жүргізушілерге арналған «Шок терапиясы» акциясы жүруде

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында республика бойынша алғаш рет «Шок терапиясы» акциясы бастау алды. Бұл шараның ұйымдастырылуына облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев мұрындық болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш департаменттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл акция өңірдегі жол-көлікоқиғаларының алдын алуға бағытталған. Шара барысында апатқа ұшырап, қирандығаайналған автокөлік қалдықтары жолдағы жүргіншілерге сабақ ретінде ұсынылмақ.

«Облыс жолдарында жол-көлікоқиғаларынан қаза болғандардың саны өткен жылмен салыстырғанда өскенінкөрсетеді. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі »Батыс Еуропа - БатысҚытай«халықаралық автомагистралінде орын алуда. Осыны ескерген ДПбастығы полиция полковнигі Арман Оразалиевтің бастамасы бойынша республикадаалғаш рет »шок терапиясы«атты акция бастадық. 20 тамыздан бастап»Батыс Еуропа - Батыс Қытай« тас жолы бойында жол-көлік оқиғасынаұшыраған автокөлік тиелген қызметтік эвакуатор жүруде. Бұл мысалдарды көріп, жүргізушілер дереуойланып, бұл жағдай әркімнің басына түсуі мүмкін екенін түсінеді.Жылдамдықтарын азайтып, жол ережелеріне мұқият болуға тырысады»,- дейді ПДбаспасөз қызметініңжетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Акцияның алғашқы күні көлік қалдығытиелген эвакуатор «Батыс Еуропа - Батыс Қытай»халықаралықавтомагистралі арқылы Шымкентке қарайжүріп отырса, екінші күні ол Т.Рысқұловауданына қарай бағыт алған. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралықмагистралінің жүргізушілеріне арналған шок терапиясы жалғасуда.

Айта кетейік, Жамбыл облысында ағымдағы жылдың 7 айының ішінде 687 жол-көлікоқиғасы тіркелген. Оқыс оқиғадан 90 адам қаза тауып, 4000-ға жуығы әртүрлі денежарақатын алған. Мамандар аталмыш автодәліздежүргізушілердің қалғып кетуін және жылдамдықты асыра пайдалануын жол-көлікоқиғаларының басты себептерінің біріретінде бағалауда.

Соңғы жаңалықтар