«2017 жылдың 13 ақпанында Инстаграм әлеуметтік желісіндегі «qazpress» парақшасында «Тараздық полицейлердің кезекті масқарасы» деген атаумен жарияланған видеороликте полиция қызметкерлері автокөлік құралынан мемлекеттік нөмірді алып жатқаны бейнеленген. Бұдан бөлек, оқиға куәгерлері алкогольдік ішімдік пайдаланған формадағы кісіні кінәлауда, - деп түсіндірді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінде. - Видеотаспадағы полицейдің Жамбыл облыстық ішкі істер органының қызметкері емес екендігін хабарлаймыз. Жамбылдық полицейлерге қатысты барлық айыптаулар негізсіз болып табылады».
Бұдан бөлек, Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті бұл бейнебаянның көрші облыстардың бірінде түсірілгендігіне сендіруде.