Жамбылдық полицейлер жоғалған 14 азаматты тапты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер іздеуде жүрген 19 қылмыскерді ұстады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іздестіру» жедел-алдын алу іс-шарасының екі күнінде Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері іздеуде жүрген 19 қылмыскерді ұстады. Сонымен қатар, із-түзсіз жоғалып кеткен он төрт азаматтың орналасқан жерін анықтады.

«ТМД елдерімен өзара әрекет нәтижесінде Жамбыл облысының аумағында сегіз қылмыскердің орналасқан жері анықталды және төртеуі Қырғызстан аумағында ұсталды»,-делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кету керек, екі күндік «Іздестіру» жедел-алдын алу іс-шарасы ТМД елдерінің аумағында өткізілген.