Рейдтің алғашқы күні Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері іздеуде жүрген 11 қылмыскерді ұстады. Сонымен қатар, хабар-ошарсыз кеткен алты азаматтың орналасқан жері анықталды.
«ТМД елдерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде Жамбыл облысының аумағында екі қылмыскердің орналасқан жері анықталып, үшеуі Ресей мен Қырғызстан аумағында ұсталды. Мәселен, Қырғыз Республикасының Талас қаласынан 4 жыл бойы із-түзсіз жоғалып кеткен 39 жастағы Қазақстан азаматын анықталды» делінген полиция депараментінің хабарламасында.