АСТАНА. KAZINFORM - Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан әйелдер күресінен олимпиадалық емес салмақтағы әлем чемпионатында қазақстандық Жәмила Бақбергенова жартылай финалға жолдама алды.
Қазақстандық балуан 72 келі салмақта ширек финалда чехиялық Адела Нанзликованы 6:3 есебімен жеңді. Одан бұрын Жәмила молдовалық Эмилия Кречуннан басым түскен еді.
Өкінішке қарай ел құрамасынан Зульфия Яхьярова (55 келі), Диана Каюмова (59 келі) және Ирина Казюлина (65 келі) алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды.
Айта кетсек, бұдан бұрын грек-рим күресінен қазақстандық балуан Ержет Жарылқасын әлем чемпионатының финалына өтті. Ол бүгін алтын медаль үшін әзербайжандық балуан Нихат Маммадалимен сайысқа түседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.