Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше ұлттық құрама көшбасшысы, әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова (-72 кг) ширек финалда Украина өкілі, U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа чемпионы Надия Соколовскамен белдесті.
Отандасымыз кездесу барысын бақылауда ұстап, қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Есеп: 9-1.
Енді бірнеше сағаттан соң Бақбергенова жартылай финалда Қытай палуаны Зелу Лимен күш сынасады.
Жартылай финалдар сағат 16:30–да басталады. Жарысты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетелік Күрестен әлем чемпионаты: Зейнеп Баянова қола медаль үшін күреседі.