Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық балуан 76 келіге дейінгі салмақта финалда қырғызстандық Айпері Медетқызымен белдесті.
Бұған дейін Жәмила әлем чемпионатында үш, Айпері екі мәрте жүлдегер атанған еді.
Биылғы әлем біріншілігінен кейін олимпиадалық салмаққа ауысқан Жәмила қарсыласына 4:7 есебімен жол берді.
Сөйтіп күміс жүлдеге ие болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенованың Азия ойындарының финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).