Отандасымыз 72 келіге дейінгі салмақтың қола медалі үшін Жапония өкілі Махиро Ешитакемен күш сынасты. Белдесу 6:4 есебімен жапониялық балуанның пайдасына аяқталды.
Осылайша, Жәмила Бақбергенова елордада өткен әлем чемпионатында бесінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, қазақстандық балуанның еншісінде әлем чемпионатының үш күмісі және бір қола медалі бар.
Айта кетейік, балуан Алтын Шагаева әлем чемпионатының жартылай финалына шыққанын жаздық.