Жаңа Конституция күшіне енген күні 857 кішкентай қазақстандық дүниеге келді

АСТАНА. KAZINFORM — 1 шілде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген күні елімізде 857 сәби өмірге келді.

Фото: Kazinform

Жүздеген отбасы үшін бұл күн мемлекет тарихындағы ғана емес, өз әулеттерінің де ерекше күніне айналды.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының мәліметінше, дүниеге келген нәрестелердің 435-і – ұл, 422-сі – қыз. Сонымен қатар Атырау және Алматы облыстарында екі егіз сәби дүниеге келді.

Әрбір жаңа өмір – елдің жарқын болашағына бастар маңызды қадам. Жаңа Конституция күшіне енген тарихи күні 857 кішкентай қазақстандықтың өмірге келуі – мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңімен үндескен айрықша оқиға.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды отбасындағы қуанышты жаңалықпен құттықтап, сәбилерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ және амандық тілейді. 

Айта кетелік Қазақстанда демография бойынша алғашқы Ұлттық баяндама әзірленеді.