Жаңа оқу жылына 53 мыңнан астам грант бөлінді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің төрағалық етуімен білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалықкомиссия отырысында ҚР жоғары оқу орындарына қабылдау бойынша үлкен дайындықжұмысының қорытындысы шығарылады. Биыл білім беру гранттары білім берубағдарламаларының топтары бойынша тағайындалады. ЖОО-ға қабылдау кезінде түсушіодан әрі қарай оқу үшін нақты білім беру бағдарламасын таңдайды.

«2019-2020 оқужылына 53 785 грант бөлінді. Конкурсқа 64 452 түлек қатысуда. Әсіресе,инженерлік, IT-бағыттағы оқыту бағдарламаларына сұраныс жоғары. Мемлекеттіктапсырыстың жалпы көлемінің 47%-дан астамы инженерлік, өңдеу және құрылыс жәнеIT-технологиялар саласына бөлінген. Бұл гранттарды ең лайықты талапкер жеңіпалады деп үміттенеміз», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі ФатимаЖақыпова.

Атап айтқанда,8276 грант педагогикалық ғылымдарға, 4088 грант – жаратылыстану ғылымдары,математика және статистикаға, 2200 грант – қызмет көрсетуге, 1615 грант – өнержәне гуманитарлық ғылымдарға, 2435 грант – ауыл шаруашылық ғылымдар жәневетеринарияға және 2183 грант – әлеуметтік ғылымдар, бизнес және экономикасалаларына бөлінген.

Сонымен бірге,вице-министр биылғы грант бөлінісінің ерекшелігі туралы айтып берді.

«Өткен жылы «Жоғарғыоқу орындарының акаедмиялық және басқару дербестігі туралы» Заң қабылданды.Сондықтан, биыл ЖОО-лар білім беру грантын алу үшін өз білім берубағдарламаларын жасап шығарды. Биылғы ең басты жаңалық – осы. Тәжірибе менқұжат қабылдау қорытындысы көрсеткендей, біздің талапкерлер білім берубағдарламалары бойынша дұрыс таңдау жасауға тырысты», - деді Ф. Жақыпова.

Конкурс 5 тамызғадейін қорытындыланады. Грант иегерлерінің тізімі баспа және электронды БАҚ-тажарық көреді.

Соңғы жаңалықтар