«Жаңа оқу жылына дайындық жоспарға сәйкес жүргізілуде. Оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады және 34 аптаны қамтиды. Сонымен қатар тағы 4 апта жазғы мектепті ұйымдастыру жоспарланды. Мектептер желісі жаңа мектептердің ашылуына байланысты өсті. Соның ішінде мемлекеттік мектептермен қатар, жекеменшік мектептердің де санының артқанын айтқан жөн», - деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің дерегінше, мектептерде 3 млн 600 мыңға жуық бала білім алатын болады.
«Колледждер контингенті - 470 мың, университет студенттерінің саны 650 мың адам. Жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрық және арнайы дайындалған әдістемелік нұсқаулық бекітіліп, аймақтарға жіберілді», - деді ол.