Жаңа оқу жылының каникул күнтізбесі белгілі болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылының канкулдар мерзімін белгіледі, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылымминистрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337 бұйрығы бойынша 2019 - 2020 оқужылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мерзімі бекітілді. Аталмыш бұйрық меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығынақарамастан, орта білім беру нысандарының барлығына ортақ.

Құжатқа бойынша,оқу жылының басталуы 2019 жылғы 1қыркүйекке сай келеді.

Оқу жылыныңұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

«Мейрам күндерінетүскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып,қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады», -делінген министр бұйырғында.

Оқу жылыбарысындағы каникул кезеңдері төмендегідей:

1-11 (12) –сыныптарда: күзгі каникул – 7 күнге, яғни, 2019 жылғы 28 қазан - 3 қарашааралығына жоспарланған. Қысқы каникул – 2019 жылғы 30 желтоқсан – 2020 жылғы 8қаңтарды қоса алғандағы 10 күнді қамтымақ. Ал көктемгі – 2020 жылғы 21 наурыз – 2 сәуір аралығындағы13 күнгебелгіленіп отыр.

Жаңа оқу жылында1-сынып оқушыларына қосымша каникул қарастырылған. 2020 жылдың 3-9 ақпан арылғында қосымша 7 күндік демалысбелгіленген.

Соңғы жаңалықтар