Жаңа Салық кодексі: Сән-салтанат салығына қатысты қосымша жүктеме өзгеруі мүмкін бе

Фото: Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Мәжіліс Салық кодексі мен оған ілеспе заңды екінші оқылымда қаралып, қабылдады. Осы орайда Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов сән-салтанат салығы бойынша Үкімет ұсынған меже сақталғанын айтты.

— Байлық салығы бойынша (сән-салтанат салығы) біз ұсынған меже сақталды. Енді заңды Сенатта талқылау кезінде ұсыныстар болса, тағы да қарастыруымыз мүмкін. Мәселен, автокөлік құны 75 млн теңгеден асса, қосымша акциз қойдық. Ал жиынтық құны 450 млн теңге болатын жылжымайтын мүлік иелерінен де қосымша салық өндіреміз, — деді Е. Біржанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қабылданған жаңа Салық кодексіне қатысты пікір айтты.

Еске салсақ, былтыр құны 1 млн доллардан асқан жылжымайтын мүлікке салық мөлшерлемесі өсетінін жазған едік.