«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант беремін», - деді Наурызбай Байқадамов.
Сондай-ақ сенатор Амангелді Нұғманов Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің құрамына сайланды.
Еске салсақ, Сенатта ресейлік мұнайды Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдауға қатысты құжат қаралатынын жазған едік.