— Халықаралық инфрақұрылымды дамыту да — цифрлық егемендігіміздің маңызды бөлігі. 15 қазанда Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Транскаспий талшықты-оптикалық желісін іске қосты. Теңіз түбімен ұзындығы 380 шақырым 64 оптикалық талшық тартылды. Бұл Азия мен Еуропа арасында жаңа цифрлық маршрут ашып, халықаралық трафик бағыттарын әртараптандырды. Сондай-ақ елімізге жаһандық инвестициялар мен компанияларды тарту жағдайы жақсарды, — деді Бағдат Мусин.
Мұнымен қоса ол соңғы екі жылда желідегі бір абоненттің ай сайын пайдаланатын интернет көлемі 44 пайызға өсті.
— Еліміздегі жасанды интеллект инфрақұрылымын да жүйелі түрде күшейтіп келеміз. Екібастұздағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Екінші суперкомпьютеріміз — Қосшыдағы Al-Farabium II-ні осы айда техникалық іске қостық. Оның өнімділігі Алматыдағы бірінші суперкомпьютерден шамамен үш есе жоғары. 1 желтоқсаннан бастап коммерциялық іске қосамыз. Бұл — компаниямыздың 25-ші деректерді өңдеу орталығы. Клиенттеріміздің 98%-ы Қазақстан резиденттері. Біз басымдықты ел ішіндегі сұранысқа, деректердің қауіпсіздігіне және ұлттық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға береміз, — деді компания басшысы.
Бұған дейін хабарланғандай, Бағдат Мусин елдің цифрлық саладағы қуаты қалай нығайтылып жатқанын түсіндірді.