Жан-жақтан жиналған жүздеген адам мұғалімдер мен дәрігерлер, полицейлер мен әскери қызметкерлердің міндетті екпе алуына наразылық білдірді. Олар жазғы демалыстан кейін жұмысын бастаған Парламенттің жанындағы көшелерге жеңіл және жүк көліктер, мотоциклдерін қойып, жол қозғалысын тоқтатып тастаған.
«Мұның бәрі таңдау еркіндігі және өз ағзамызды өз бетінше басқару еркіндігі», - дейді акцияға қатысушылардың бірі.
«Мен екпе алуды жақтаймын. Вакцина алған дұрыс. Бірақ біз оны қалаймыз ба, қаламаймыз ба, өзіміз шеше білуіміз керек», - дейді тағы бір жаңазеландиялық.
Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джакинда Ардерн наразылармен кездесуден бас тартты.
Айта кетейік, қаңтар айының соңында Жаңа Зеландияда «омикрон» штамын жұқтырғандар саны өсті.