Жаңа Зеландияның осы қаласы 2011 жылғы жойқын зілзала салдарын әлі есін жиып үлгерген жоқ, сол кезде 185 адам қаза тапқан болатын.
Соңғы жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге келіп түскен жоқ, алайда көрші қалалардың тұрғындары айтарлықтай жер дүмпуін сезінген.
Жаңа Зеландия Тынықмұхиттық жанартау от шеңбері аталатын аймаққа жатады. Бұл маңда әлемдегі жер сілкінісінің 90 пайызы және оның ең қуаттыларының 80 пайызы тіркеледі.