Жаңа жыл қарсаңында елордада 40-тан астам шырша шамын жақты

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM — Астана қаласында бір мезетте 40-тан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылды. Соған орай, қала тұрғындары мен қонақтары үшін ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті. 

Мерекелік шыршалар Орталық саябақта, Ғашықтар паркінде, Ботаникалық бақта, ЭКСПО аумағында, «Қазақ Елі» алаңында, Есіл өзенінің жағалауында, Ақбұлақ бойында, сондай-ақ «Хан Шатыр», «Keruen City», «Азия Парк», «Сарыарқа», «Green Mall» маңында орнатылды.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Қала аумағындағы мерекелік алаңдарда мұз айдындары, сырғанақтар, шағын сәулет нысандары, фотоаймақтар мен түрлі ойын-сауық алаңдары ашылған.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Биіктігі 25 метр болатын алып шыршалар «Астана Арена» стадионының автотұрағында, «Қазақ Елі» монументі маңындағы алаңда, Ақбұлақ өзенінің жағалауында және Ботаникалық бақта орнатылған.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Сондай-ақ Орталық саябақта, Ғашықтар паркінде, Әйтеке би көшесіндегі аллеяда, «Бухарест» паркінде және Үркер тұрғын алабында да жаңа жылдық шыршалардың шамы жағылды. Қоғамдық кеңістіктер мерекелік жарық инсталляцияларымен, мұз айдындарымен, сырғанақтармен, фотоаймақтармен және тақырыптық шағын сәулет нысандарымен құлпыра түскен.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Орталық саябақта шыршаның шамы жағылған сәтті тамашалаушылар ішінде оралдық студент Дана да бар. Ол бұл шара ерекше көңіл-күй сыйлағанын айтады.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

— Жаңа жылды осы жерде қарсы алайын деп жатырмын. Өзімді Астананың бір бөлігі ретінде сезінемін. Шыршаның жанғанын күтіп, құрбыларыммен бірге коньки теуіп, уақыттың қалай өткенін байқамай қалдық, — дейді ол.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Ал балаларымен серуендеп жүрген қала тұрғыны Асанәлі мерекелік кешке арнайы келгенін жеткізді.

— Әкем хабарлама жіберіп, бүгін осы жерде шырша шамы жағылатынын айтты. Біз Алматыдан көшіп келгенімізге он бес жыл болды, Астананың қысы енді таңсық емес. Қазір жаңа жылды өзіміз үшін емес, балалардың есінде қалатындай ету маңызды, — деді ол.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Бұл күні «Green Mall», «Сарыарқа», «Keruen City», «Азия Парк», «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталықтарының маңында және өзге де танымал қалалық локацияларда да шырша шамы жағылды.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Сарайшык ауданындағы «Қазақ Елі» алаңында шырша жағу рәсімі нағыз ертегі әлемін еске түсірді. Мұнда кәсіби мәнерлеп сырғанаушылар өнер көрсетіп, балаларға арналған анимациялық бағдарламалар, ойындар ұйымдастырылды.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Сонымен қатар «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы маңында және Жұмысшы мамандықтар аллеясында биіктігі 20 метрлік жаңа жылдық шыршалар шамын жақты.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Алматы ауданында мерекелік шыршалар Ақбұлақ өзенінің жағалауында, «Жерұйық» саябағының орталық бөлігінде, Қажымұқан Мұңайтпасов көшесіндегі «Колизей» баскетбол алаңында және Теміржолшылар тұрғын алабында орнатылды.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Байқоңыр ауданында 5 жаңа жылдық шырша «Жастар» сарайы аумағында, К.Ататүрік атындағы саябақта, Өндіріс, Кірпішті тұрғын алаптарында және Қоянды саяжай аумағында орнатылды.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Сарыарқа ауданында биіктігі 3 метрден 18 метрге дейінгі 6 шыршаның шамы жағылды. Олар Қалалық алаңда, Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы гүлзарда, «Көктал» саябағында, Есіл жағалауында, «Наз» мемлекеттік би театры жанында және Юбилейная көшесінде орналасқан.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Есіл ауданында шыршалар ЭКСПО аумағында, Ботаникалық бақта, «Жетісу» саябағында, Қазақ радиосы көшесі бойында және «Бағыстан» тұрғын кешенінде орнатылды. ЭКСПО аумағында 22 метрлік шырша, мұз айдыны мен сырғанақ орнатылды. Ал Ботаникалық бақта 25 метрлік алып шырша алыстан менмұндалап тұр.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Айта кетейік, мұз айдындары, сырғанақтар, шағын сәулет нысандары, фотоаймақтар мен өзге де мерекелік элементтерді орнату жұмысы желтоқсан айының басында басталған. Барлық жұмыс кезең-кезеңімен желтоқсан айының екінші онкүндігінде толық аяқталады.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік желілерде арзан шырша сатамыз деп алаяқтық жасайтындар көбейгенін ескерткен болатын.