Жаңа жыл түні Ақтөбеде күн жылы болады

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ертең Ақтөбеде аздаған қар жауады. Ал 1 қаңтар күні борап, көктайғақ болуы ықтимал.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Ертеі Ақтөбенің солтүстігінде аздаған қар жауады. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге, солтүстігінде 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -6-11°C , шығысында -1°C 4, күндіз -1-6°C , шығысында -9°C аяз болады.

- 1 қаңтарда түнде облыстың батысында, солтүстігінде қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады.

Күндіз де қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал. 2 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашынды. Жаңбыр, қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -0-5°C, шығысында -8°C болады. 2-қаңтарда түнде -3-8°C, облыстың солтүстігінде -11°C аяз, күндіз -3°C суық- 2°C жылы болады,- деді синоптик Аяжан Аманжолқызы. 

Ал Ақтөбе қаласында 31 желтоқсан күні ауа райы бұлтты болады. Кейде аздаған қар жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Жылдамдығы секундына 6-11 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -8-10°C, күндіз-2-4°C суық болады. 

- 1 қаңтарда күн бұлтты, қар жауады. Бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік батыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады. Жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6°C, күндіз -1-3°C суық болады. 2 қаңтарда күн бұлтты, қар жауады, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.

Ауа температурасы -6-8, күндіз-0-2 °C суық болады,- деді синоптик. 

Айта кетейік, «Қазгиромед» РМҚ алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады