Облыстық көпбейінді ауруханада жедел ота жасау, жедел реанимациялық көмек көрсету, кіші ота жасау, іріңді жарақатты таңу, екпе жасалатын бөлмелер және компьютерлі томография бар.
Мұнда түскен науқастар алдымен аталған тексеруден толық өткізіледі.
Облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз маманы Гүлбану Мақажанның айтуынша, дертін анықтау үшін барлық талдама алынады.
«Науқастар жылжымалы медициналық құралдармен зерттеледі. Кейбіріне жылжымалы электрокардиограмма, УДЗ, рентген аппараты пайдаланылды. Дәрігерлердің ультрадыбыстық тексеруінен соң науқастардың 36-сы ауруханаға жатқызылды. Ал 112 азамат дәрігер кеңесінен соң үйіне қайтарылды. Жаңа жыл мерекесінде жарақат бекетіне түскендер де бар. Науқастардың бірі жүйкесін зақымдаса, енді бірінің 2-3 саусағының иілгіш сіңірі зақымданған», — деді аурухана мамандары.
Мереке күні қабылдау бөлімінде кезекшілік атқарған хирургия бөлімінің меңгерушісі Әсет Жалмағанбетов 3 науқасқа жедел ота жасады.
Бір ғана қабылдау бөлімінде 5 дәрігер кардиолог, хирург, терапевт, невропатолог, гинеколог мамандар науқастарға ем көрсетті.
Сондай-ақ, науқастарға білікті 11 мейіргер, 5 кіші қызметкер жедел әрі сапалы мамандандырылған медициналық көмек жасады.
Еске салсақ, биыл Қызылорда облысында бүйрек ауыстыру отасы жасалды.