Жаңа жыл түнінде Ақтөбе облысында 51 cәби дүниеге келді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 2016 жылғы желтоқсанның 31-інен 2017 жылғы қаңтардың 1-і бойынша Ақтөбе облысында 51 cәби дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма басшысы Әсет Қалиевтың айтуына қарағанда, биылғы жаңа жылда туған сәбилердің 26-cы ұл, 25-і қыз бала.

Жалпы Ақтөбе облысы бойынша өткен жылы өмірге келген шақалақтар арасында ер балалар көп болған. Аймақта дүние есігін ашқан 19 848  сәбидің 9 958-і атұстар болса, 9 890-ы кестетігер. 

«Айта кетерлігі, былтыр облысымызға дүние есігін ашқан балалардың арасында  5 үшем, 193-егіз болды», - дейді Әсет Қалиев.

Зада Зейін