«Біздегі мәліметтерге сәйкес, айтарлықтай төтенше оқиғалар тіркелген жоқ», - деді Р.Иманқұлов агенттік тілшісінің сауалына.
Сонымен бірге, Астана қаласында да Жаңа жыл түнінде төтенше жағдайлар болған жоқ.
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев 1 қаңтар күні әкім орынбасарларын, аудан әкімдерін және ІІД, ТЖД, қалалық коммуналдық қызметтердің басшыларын жинап, жедел жиналыс өткізді.
«Кеңесте өткен тәулікте қаламыздың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі атқарылған жұмыстар, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуі, криминогендік жағдай бойынша қабылданған шаралар, қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоғамдық көліктердің тұрақты жұмысы және өткен барлық іс-шаралар бойынша есептер тыңдалды, - деп жазды әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева әлеуметтік желіде.
Тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларының айтуынша, өткен тәулікте елордада жағдай тұрақты болған.
Сондай-ақ, қала әкімі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жолдар тазалығын сақтау және барлық қалалық коммуналдық қызметтерге бірқатар міндеттер қойды.
Еске сала кетсек, өткен тәулікте елордада қала тіршілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамамен 32 мың адам жұмылдырылды.