Төбелестің видеосы Инстаграмдағы Жесть кз паблигінде жарияланған.
Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Сафина дәмханасының алдында 1 қаңтарда таңғы сағат 6 шамасында болған.
Сыртқа темекі шегуге шыққан екі адамды ер адамдар соққының астына ала жөнелген.
«Бұл дерек бойынша Жетісу аудандық ІІБ ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деді баспасөз қызметінен.
Ал таяқ жеген адамдар ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Жақындарының айтуынша, оның бүйрегі мен ұйқыбезі қатты зақымданған.