«Қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңажылдық мереке күндері қазақстандық полиция қызметтерін күшейтілген режімде жүзеге асырды. Жаңа жылдың бірінші тәулігінде елімізде 615 қылмыс тіркеліп, оның 240-ы ізі суымай ашылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бірде-бір ірі оқиға орын алмады», - деді Алмас Садубаев.
12:52, 03 Қаңтар 2018
Жаңа жылдың бірінші тәулігінде елімізде 615 қылмыс жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жылдың бірінші тәулігінде елімізде 615 қылмыс жасалды. Бұл жайында ҚҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.