ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қалымұлы Қилыбайдың өкімімен Ербол Қалымұлы Дербісов Түпқараған ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.
Ербол Қалымұлы 1986 жылы туған, білімі жоғары, 2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Заңгер» бакалавры мамандығы бойынша және 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» магистрі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы «Каспий-Ак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңгері болып бастады.
2012-2015 жылдары «Каспий-Ак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заң бөлімінің бастығы.
2015-2021 жылдары «Каспий-Ак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директордың орынбасары.
2017-2021 жылдары «ДКБ-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.
2021 жылы «Каспий-Ак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.
2021 жылы Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі.
2022-2023 жылдары Мұнайлы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.
2023-2025 жылдары Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары.
2025 жылдың желтоқсан айынан бастап осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.
Айта кетейік, Түпқараған ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев атқарған лауазымынан өз еркімен босаталды.
Бұған дейін Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалғанын жазғанбыз.