Жаңаөзенде ереуіл ұйымдастыруға әрекеттенген қылмыстық топтың жолы кесілді

АҚТАУ. KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Ішкі істер органдарымен бірлесіп, Жаңаөзен қаласында ереуіл ұйымдастыруға әрекеттенген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.

Фото әлеуметтік желіден

Ресми мәліметтерге сүйенсек, топ мұнай-газ саласындағы мердігер компаниялардың бірінің басшылығымен сөз байласқан. Олар кәсіпорын жұмысшыларын жаппай наразылық акцияларына шығуға итермелеп, тапсырыс беруші «Өзенмұнайгаз» АҚ-дан қосымша қаржы алуға тырысқан.

Фото әлеуметтік желіден

Күштік құрылымдардың уақтылы әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында адам өліміне, жаппай тәртіпсіздік пен тонаушылыққа жол берілмей, қылмыстық топ ұсталды.

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

Бұған дейін, ҰҚК 24 қылмыстық топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойғаны туралы жаздық.