Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейнетаспа иесі іздестіріліп, мән-жай анықталған. 14 жастағы жеткіншек әкесінің Toyota Land Cruiser Prado көлігін ауладан рұқсатсыз айдап кеткен.
Олардың түсірген видеосы әлеуметтік желіге лезде тарап кеткен көрінеді.
Қазіргі таңда баланың әкесіне ҚР ƏҚБтК-нің 612 бабы 1 тармағы жəне 593-бабы 2 тармағы бойынша əкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған.