Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінді.
- Тергеу барысында күдікті өзінің танысын интимдік фото және видеоматериалдарды жариялаймын деп қорқытып, одан 600 000 теңге бопсалағаны анықталды. Қылмыстың мән-жайы тергеу әрекеттері барысында анықталуда. Полиция қызметкерлері күдіктінің кінәсін толық анықтау үшін қажетті тергеу іс-шараларын жүргізуде, - дейді облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы Қуанышкерей Қызылбаев.
Күдіктіні тінту кезінде қылмыс жасалғанын растайтын айғақ заттар, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 300 000 теңге тәркіленген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін, Ақтауда контрабандаға қатысты қылмыстық топ құрған азамат 10 жылға сотталғаны туралы жазған болатынбыз.