Күдікті ізін суытпай ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
— Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша (пышақпен жасалған бұзақылық) 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін қылмыстық іс қозғалды, — делінген хабарламада.
Қылмыстық іс Жамбыл облысы ПД Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды, жедел-тергеу тобы құрылды.
— Жедел-тергеу тобының жұмысын үйлестіру үшін аймаққа ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері жіберілді. Оқиғаны толық және жан-жақты тергеу қамтамасыз етіледі. Күдіктінің іс-әрекетін қайта саралау туралы мәселе тергеу әрекеттерінің нәтижесі және қадағалау органының келісімі бойынша қаралатын болады. Сонымен қатар адвокаттың өтініші бойынша жәбірленушіге полиция қызметкерлері қатарынан күзет қамтамасыз етілді, — делінген хабарламада.
Тергеу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында.
Айта кетелік Бас прокурор қылмыс өршіп тұрған өңірлерді атаған еді.