Министрліктің ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың ақпаратына сәйкес, криминалды полиция қызметкерлері Астана-Көкшетау тасжолындағы жанар-жағарамай стансасына қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады. Қазіргі кезде оны уақытша қамау абақтысында ұстап отыр.
«Шабуыл кезінде ол бетпердені қиіп алып, кассирді қарумен қорқытқан. Сөйтіп, 1 миллион теңге көлеміндегі ақшаны үптеп кетті. Өкінішке қарай, ұсталған азамат полиция қызметкері - Шортанды аудандық ішкі істер бөлімі уақытша қамау изоляторының бастығы болып шықты», - дейді А.Сәдубаев.
Оның айтуынша, қару-жарақ пен ұрланған ақша тәркіленді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары атқарылып жатыр.
«Біздің қызметкеріміз жасаған заңсыз әрекеті үшін xалықтан кешірім сұраймыз», - деп атап көрсетті А.Сәдубаев.