Жанартаудан атқылаған күл Мехико көшелерін басып қалды (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексика астанасының бірнеше ауданындағы көшелерін Попокатепетль жанартауынан атқылаған күл басып қалды. Бұл туралы informador.com.mx интернет-басылымы хабарлады.

Бықсып жатқан жанартау 31 шілде күні оянып, күл мен бу атқылай бастады. Аспанға атылып жатқан көріністердің алғашқы кадрлары Twitter-де жарияланды.

Дегенмен бұл, табиғи апат Мехиконың халықаралық әуежайының жұмысына кедергі келтіре алмады. Өйткені жел оған қарсы беттен соққан еді, деп хабарлайды rosbalt.ru.