Жәнібек Әлімханұлы Президентке бокс қолғабын сыйға тартты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпқой бокстан WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бокс қолғабын сыйға тартты, деп хабарлайды Kazinform Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Айта кетейік, Президент футзалдан Қазақстан мен Нидерланд арасындағы ойынды тамашалады.

Президентпен бірге Ұлттық құрамаға белгілі тұлғалар қолдау білдірді.

Қазақстан Нидерланд құрамасын жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алды.