Абай облысында түнде облыстың солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с, түнде кей уақытта 23 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Күндіз солтүстік пен шығыста аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с болады.
Атырау облысында батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облы бойынша жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында жаңбыр мен қар жауады, жаяу бұрқасын болады. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Таулы аудандарда жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта 15-18 м/с болады. Қонаевта солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Шығысында және таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел біртіндеп оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақытта 23 м/с болады.
Жамбыл облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Таулы аудандарда жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Жетісу облысында жаңбыр жауады. Облыстың шығысы мен орталығында қатты жаңбыр жауады. Таулы аудандарда жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Облыстың шығысында және таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Алакөл көлдері маңында екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысы мен шығысында түнде жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің облыстың солтүстік-шығысы мен шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің түнде облыстың оңтүстігіндегі, күндізгі екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда кей уақытта жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысында жаңбыр мен қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Қостанайда жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде 1 градусқа дейін қатқақ жүреді. Облыста төтенше өрт қаупі, солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауады, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Петропавлда жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде және тау бөктеріндегі аудандарында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда жауын-шашын, түнде кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда топырақ бетінде 1 градусқа дейін қатқақ жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түркістанда солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің түнгі екпіні облыстың батысы мен солтүстігінде, күндіз 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Осыған дейін Қарағанды облысында қазанның соңында -7°С аяз күтілетіні айтылды.