Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмендеп, жаңбырдың қарға ауысуы, көктайғақ құбылыстары болуы мүмкін.
— Күшті жаңбыр, бұршақ және екпінді жел батыс өңірлерде бүкіл кезең бойы, 16 сәуірде оңтүстікте, 15–16 сәуірде солтүстікте және орталықта күтіледі. 14 сәуірге қараған түні шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі, — дейді мамандар.
Ауа температурасы төмендейді:
- батыста түнде 2… 10°С, күндіз 10… 15°С;
- солтүстікте түнде -2…-8°С, күндіз 0… 7°С;
- оңтүстікте түнде 3… 13°С, күндіз 8… 18°С.
Бұған дейін СҚО-да сәуір айында ауа райы қандай болатынын жазғанбыз.