Титулдық жекпе-жекте алтыншы раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін Фресно қаласында (Калифорния, АҚШ) 39 жастағы канадалық боксшы Альберт Онолуносқа қарсы өткізді.26 жастағы қазақстандық боксшы өзінің орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын қорғап қалды.
Еске салсақ, ол соңғы жекпе-жегін 17 тамызда Лос-Анджелесте өткізді. Бесінші раундта канадалық Стюарт МакЛелланды нокаутқа жіберіп, WBC Continental America және WBO Global орташа салмақ дәрежесін қорғаған болатын.